Page 35 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 35

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                        Ашық буын                                                special.edu.kz.


               Ашық буын бір дауысты дыбыстан болады. Дауыс-

           сыз дан басталып, дауыстыға аяқталады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               Мысалы:  А-ға, а-на, ә-ке, а-та, ба-ла, қа-ла, ке-рі,
           ша-на-ны, бо-са-ға т.б.



                    1. Өлеңді мәнерлеп оқы.

                                Дос бол сабын, сумен сен,
                                Жиі-жиі жуын сен.
                                Таңертең де, кешке де,
                                Жуын күндіз, түсте де.
                                Жуын тамақ алдында,
                                Жуын тамақ соңында.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                Жуын ұйықтар кезіңде,                                            special.edu.kz.
                                Жуын тұрған кезіңде.
                                               (Е. Өтетілеуұлы)

            Көшіріп жазып, ашық буынды тауып астын сыз.


                    2. Мәтінді түсініп оқып, тіс күтімі туралы әңгімелеп бер.

                                          Тісті күту


            Әдемі тіс – адам көркі. Тісі жоқ адам дұрыстап шай-
        най алмайды. Тамақты әбден шайнап жұту қажет, әйтпесе
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        адамның асқазаны ауырады. Тісті үнемі тазалап, күту керек.
        Тісті жақсы күтпесе, бұзылады. Сондықтан тісті 3-4 жастан
        бастап-ақ күткен дұрыс. Тісті щеткамен, тіс пастасымен та-
        зартқан жөн. Тазартқан соң, ауызды бірнеше рет таза сумен
        шаю керек. Тісті тазарту үшін қылы жұмсақ щетканы пайда-
        ланған жөн. Ал сен тісіңді тазалайсың ба? Қалай тазалай-
        сың?


               Буынға бөліп, ашық буынды тап.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              33       special.edu.kz.
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40