Page 31 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 31
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ special.edu.kz.
Буын туралы түсінік
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.
Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Сөз-
де қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық
буын, бітеу буын.
1. Мәтінді түсініп оқып, ат қой.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.
Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық адам
өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам
баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Әр адам сала-
уатты өмір салтын ұстану керек. Салауатты өмір салтын қа-
лыптастыру үшін әрқайсысымыздың дене тәрбие сімен ай-
налысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден
аулақ болып, тазалық сақтауымыз керек.
Қарамен жазылған сөздерді буынға бөл.
2. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Денсаулық жақсы болу үшін адам ... .
Адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние – ... .
Денсаулықтың қорын үнемі ... .
Адам салауатты өмір салтын ... .
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: денсаулық; көбейтіп
отыру керек; қалыптастыру керек; уақытты, күш-жігерді,
еңбекті, барлық дүниені аямай жұмсау керек.
Қарамен жазылған сөздерді буынға бөл.
special.edu.kz. special.edu.kz. 29 special.edu.kz.