Page 34 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 34

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                           Буын түрлері                                          special.edu.kz.

                         1. Мәтінді оқып, не жайында екенін бір-біріңе сұрақ қою
                      арқылы анықта.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                     Дені саудың – жаны сау

                 Спорт – денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық – адам-
             ның  еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке белсенді қатысуының
             кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөл-
             ген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыпта-
             суына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойын-
             дары осының бірден-бір дәлелі. Ежелден садақ тарту, бәйге,
             күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан
             қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен шұғылдану арқылы
             өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп отырған. Халық
             өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүрлі
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             дене жаттығуларымен айналысқан. Әр өңірдің, әр аймақтың
             өз мергені, өз сәйгүлігі болған.


                    2. Өлеңді түсініп оқып, көшіріп ал.

                                      Мен айтайын тақпақ,
                                      Алғын оны жаттап.
                                      Тісіңді жу, тазарт,
                                      Маржандай болсын аппақ.
                                                                    (Е. Өтетілеуұлы)
                    Буынға бөл.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                        Шомылған баланы                                          special.edu.kz.
                    3. Жұмбақты шеш.


                                        Аймалап алады.
                                        Сүртеді қолын да,
                                        Сүртеді жонын да.
                                        Бұл не?

                                                             (Сүлгі)
                    Буынға бөліп жаз.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          32
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39