Page 92 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 92
special.edu.kz.
special.edu.kz.
11. Өлең жолдарын көшіріп, жіктік жалғауының астын сыз. special.edu.kz.
Әдепті баламыз
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Біз – әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе мамамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.
Кітаптарды шашпаймыз,
Терезені ашпаймыз.
Сыртқа шығып ойнасақ,
Қаздан қорқып қашпаймыз.
(Ғ. Өкеев)
12. Мәтінді түсініп оқы, көшіріп жаз.
special.edu.kz. Жіктік жалғауының астын сыз. special.edu.kz.
special.edu.kz.
Біз жайшылықта көп нәрсені елемейміз. Көбіне мән бер-
мейміз. Мысалы, күнде таңертең қызарып Күн шығады, Күн
кешкілікте қызарып барып батады. Оған, әрине, ешқайсы-
сымыз таңданбаймыз. Ал енді біреулер сол Күннің қыр ба-
сынан қылтиып, қызарып шығуының өзінен бір сүйкімділік,
сұлулық табады. Сүйсініп жырға қосады. Суретші сұлу Күн-
нің көркіне табынып, тамсана отырып сурет салады. Сазгер
сол сұлу Күннің, мейірлі Күннің аспан аясына көтерілуінен
аса бір нәзік сырлы әуен сазын аулап, ән толғайды. Ал сен
special.edu.kz. Өз ойыңды айтып түсіндір. special.edu.kz.
special.edu.kz.
осы сұлулықты неге теңер едің?
«Сұлулық» деген не?
«Жаны сұлу» дегенді қалай түсінесің?
13. Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.
Заңгер, домбырашы, әнші.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
90