Page 93 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 93
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сан есім special.edu.kz.
Сан есім – заттың санын, ретін, мөлшерін білдіретін
сөз табы. Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Құрамына қарай: дара сан есім; күрделі сан есім;
Мағынасына қарай: есептік сан есім; реттік сан есім;
жинақтық сан есім; болжалдық сан есім; топтау сан
есім; бөлшектік сан есім деп бөлінеді. Мысалы: бес, жүз,
мың, ондаған, он бес, жүз екі, мың тоғыз жүз тоқсан екі,
екіден бір.
Дара сан есімдер дегеніміз – түбір және туынды сан
есімдер. Мысалы: үш, оныншы, елудей, алтау, мыңдаған,
жүздеп және т.б.
Күрделі сан есімдер екі не одан да көп сан есімнің
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тіркесуі, қосарлануы мен қайталануы арқылы жасала-
ды. Мысалы: жиырма бес, қырық шақты, тоғыз бүтін
алтыдан үш, жеті-сегіз.
1. Өнер туралы мақалдарды жаттап ал, сан есімдерді тап.
1. Ата өнері – балаға мұра.
2. Жігітке жеті өнер де аз,
Жетпіс өнер көп емес.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
4. Өнерлінің өрісі кең.
5. Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы.
6. Бір тал кессең, он тал ек.
special.edu.kz. special.edu.kz. 91 special.edu.kz.