Page 5 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 5

special.edu.kz.
 special.edu.kz.






                                 Қымбатты достар!                                                special.edu.kz.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               Балалар, өздеріңмен кездескенімізге қуаныштымыз!

            8-сыныптың «Оқу және тіл дамыту» оқулығы өздеріңді
        еліміздің және шетел жазушыларының өмірбаянымен және
        шығармаларымен таныстырады. Олардың шығармаларын
        оқу арқылы даналық сөздердің мәнін ұғынасыңдар. Әлемге

        танымал әңгімелер мен өлеңдер арқылы өмірді тануға
        мүмкіндік аласыңдар. Адамдар арасындағы адамгершілік
        қарым-қатынастың маңызын түсінесіңдер.
            Халық ауыз әдебиеті тарауынан өнегелі аңыз-ертегілерді
        оқисыңдар. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талдау
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        арқылы жақсы мен жаман, еңбекқорлық пен жалқаулық
        қасиеттерді ажырата білуге үйренесіңдер.
            Сендер «Оқу және тіл дамыту» оқулығында әңгімені

        талдау, сан алуан сауалдарға  жауап іздеу, қызықты,
        шығармашылық тапсырмаларды орындау, шағын сахналық
        қойы лымдар қойып, өздеріңді қызықтыратын мәселелердің
        шешімін табасыңдар. Осы оқулықта:
            1) халық ауыз әдебиеті;
            2) ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті;
            3) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті;
            4) заманауи қазақ әдебиеті;
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            5) әлем әдебиеті тарауларын оқисыңдар.
            Сендерді «Оқу және тіл дамыту» оқулығы көркем сөз
        өнерін меңгеріп, еліміздің салт-дәстүрін қадірлей білуге,
        әдепті, еңбекқор болуға, басқаларға көмек көрсете білуге,

        адамгершілік пен адалдыққа, жақсылық жасауға үйретеді
        деген сенімдеміз!
                                                                           Авторлар





 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              3        special.edu.kz.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10