Page 8 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 8
special.edu.kz.
special.edu.kz.
«Аяз би» ертегісі special.edu.kz.
(үзінді)
І
Ертеде бір хан* болыпты. Бір күні ол уәзірлеріне:*
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Сендер маған адам мен шөптің жаманын тауып әкелің-
дер! – деп тапсырма беріпті.
Уәзірлер жан-жақтан адам мен шөптің жаманын іздей
бастайды. Олар шеңгел* деген тікені көп шөпті тауып алады.
– Өзінің тікені көп, мал да жемейді, киімді де жыртады.
Шөптің жаманы деген осы шығар, – деп шеңгелді алады.
Енді уәзірлер адамның жаманын іздеуге кіріседі. Алыстан
қой бағып жүрген адамды көреді. Ол үстіне жыртық тон киіп
алыпты.
Уәзірлер: «Адамның жаманы осы болар-ау», – деп ойлайды.
Қойшы:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Уа, мырзалар, жол болсын! Не істеп жүрсіздер? – дейді.
Уәзірлер:
– Хан бізге тапсырма беріп еді. Шөптің жаманын таптық.
Ал адамның жаманын таба алмай жүрміз, – дейді.
Қойшы:
– Адамның жаманы мына мен боламын! – дейді. Уәзірлер
әлгі жаман адамды алып ханға келеді.
Жолда жаман адам:
– Адамның жаманын таптыңыздар. Шөптің жаманын
дұрыс таппадыңыздар. Шөптің жаманы – қарақоға, – дейді.
Уәзірлер:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Оны қайдан білесең? – деп таңғалады.
Қойшы:
– Неге екенін ханның өзіне айтамын, – деп жауап береді.
Хан Жаман адамға қарап:
– Аспазшыға апарыңдар. Қонаққа көже мен нан берсін, –
деп, оны ас үйге жібереді.
Хан уәзірлеріне қарап:
– Адамның жаманын таптыңдар. Бірақ шөптің жаманы
шеңгел еді. Неге қарақоға әкелгенсіңдер? – деп сұрайды.
Сонда уәзірлер:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
6