Page 90 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 90

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                    ІІ                                           special.edu.kz.
                 Қали әкесі сияқты жуас, момын екен. Әкесі жиын-той-
             ларда түйе палуан атанған.
                 Қали – Төрегелдиевтер әулетінің тұқымы. Бозбала Манап-
             қа қарады да, аға тәрбиешіге бұрылып:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Түу, Эльжбета Сергеевна, мен қызу жаттығу жасап жа-
             тыр едім. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма? – деп ренжі-
             генін білдіртті.
                 – Қали, жаттығу ағаңнан қымбат болып па? Алыстағы
             ағаң келді, – деді жымия Эльжбета Сергеевна.
                 «Алыстағы ағаң...» деген сөзге  Қали мән де бермеді.
                 – Здравствуйте, дяденька! – деп, ағасын суық қарсы алды
             Қали.
                 Манаптың созған қолы сылқ түсті*. Сырт көзге Манап са-
             бырлы, салмақты көрінеді.
                 Жетім өскен адамның мінезі бұған да жұққан екен.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Ағасы: «Өскемендегі балалар үйіне сені апарып тапсыр-
             дық. Содан бері 11 жыл өтті. Шешені қылтамақ алып кетті.
             Әкеміз... Соғыстан контузия алған адамнан не сұрайсың?
             Мен мектеп интернатта оқимын. Шешеңнен айырылған соң
             сені көкем бақты. Жаялығыңды өзім жуып жүрдім. Мені
             өлердей жақсы көретінсің. Бір нанды бөліп жедік...».
                 Манап ақырын күрсінді. Қалидың көкесі қашан, қалай
             қайтыс болғанын сұрамақ түгілі, тыңдауға да шамасы кел-
             меді...

                      қолы сылқ түсті – көңіл күйі бұзылды
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                      1. Қали қандай бала? Оның әкесі қандай адам болған?
                      2. Қали Эльжбета Сергеевнаға  не деді?
                      3. Оған Эльжбета Сергеевна не деп жауап берді?
                 4. Қали ағасын қалай қарсы алды? Не деп?
                 5. Ағасы Қалиға өздері, ата-анасы туралы не деп айтты?
                 6. Қали ағасын қалай тыңдады? Ағасы не істеді?
                         Қали мен ағасының қалай кездескенін оқы, айтып бер.
                         Ағасының Қалиға өз отбасы жайлы не айтқанын айт.
                     Қалидың қандай мінезді бала екенін айт. Қали  ж... , м... бала.
                 Қали ағасын қалай қарсы алды? Айт.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          88
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95