Page 91 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 91
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІІ special.edu.kz.
– Мереке қарсаңда жарысым бар. Жасөспірім боксшы-
лардың қалалық жарысы өтеді. Соған дайындалып жатыр-
мыз, – деді Қали. – Былтыр ұтылып қалғанмын. Биыл қалай да
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жеңуім керек, – деп түсіндірді ағасына.
Содан кейін орнынан атып тұрды да:
– Уақыттан ұтылсам, жарыстан ұтылғаным. Бес жарымда
жаттығу бітеді. Тым болмаса, қалғанына қатысайын. Жаз
бойы салмақ қосып алдым. Бұлшық етім босап кетіпті, – деді
асығып.
– Сіз… қонасыз ба? – деді Қали.
Манап төмен қарап тұрып қалды.
– Жоқ, кетемін. Кешкі алтыда пойыз бар, – деді ағасы.
– А-а… Сапарыңыз сәтті болсын! – деп, Қали спорт залы-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
на қарай кетіп қалды.
– Хат жазамын. Келер жазда келемін, – деді Манап.
Қали кете берді. Баспалдаққа шығып бұрылды. Сөйтті
де, қолын бұлғады.
Орындықтың қасында тұрған Манап үндемей қалды.
Балалар үйінен шыға сала «Волгаға» қол көтерді. Тоқ-
тағанда отыра кетіп, «вокзал» деген сөзді әрең айтты.
(М. Қабанбайдан.)
1. Мереке қарсаңында қандай жарыс өтті?
2. Қали өзі туралы не айтты? Қали асыққанын қалай түсіндірді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Қали кетіп бара жатып ағасымен қалай қоштасты?
4. Манап ағасы оған не деді? Манап балалар үйінен қалай кетті?
5. Оның орнында сен болсаң не істер едің?
Қали мен ағасының арасындағы әңгімені рөлге бөліп оқы.
Әңгімеле.
Қалидың ағасымен қалай қоштасқанын тауып оқы. Айт.
Әңгіме кейіпкерлерін ата. Манаптың балалар үйінен қалай қайт-
қанын айт.
Әңгіме неге «Бауыр» деп аталған? Айтып көр. Өзіңнің бауырла-
рыңның есімдерін айт.
special.edu.kz. special.edu.kz. 89 special.edu.kz.