Page 98 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 98
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жер қазғандар special.edu.kz.
(үзінді)
Қызу жұмыс басталды. Жұмысшылар бірден іске кірісті.
Олардың көңіл күйлері жақсы. Сол себептен жұмыстары да
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жақсы жүруде.
Әр жұмысшы қолына өзінің темір күректерін алды. Қара
жерді қаза бастады. Тас аралас жерге тиген күректен кірш-
кірш*, шаңқ-шаңқ* еткен дыбыстар естіледі.
Біреулері үйілген топырақтарды күреді. Арбаларына сала
бастады. Енді біреулері арбаларды әкеліп, қаз қатар қо йып
жатты. Біреулері төсеп жатқан топырақтарды жаймалап
жатыр. Біраз жұмыскерлер дүрсілдетіп жерді оюға кірісті.
Қысқасы, әркім өз орындарынан тұра жұмыс жасауда.
Үш жүздей жұмыскер теміржолға төсеніш салуға кірісті.
Олардың тұратын үй-жайлары да осы жерден алыс емес.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әйел адамдар тезек* теруге шықты. Кейбіреулері бұзау-
ларын арқандап жүр. Енді біреулері сиыр сауып жатыр.
Жұмыскерлердің ә дегенде күбірлеп сөйлегендері бір-
те-бірте азайды. Жай сөздері ғана естілетін болды.
Сыбырлаған* екпінді сөздер азайды. Көтеріңкі күлкілер*
азайды. Күлкі азайған сайын жұмысшылардың шаршаған-
дары байқалады.
Қара жерге кіршілдеген, пышақтың жүзіндей жалаңдаған
темір күректердің салдыры естіледі. Шақырлатып тас қо-
парған, тас қашаған дауыстары көбірек естіле бастады.
Жағалай қаршылдатып тас кемірген көк темірдің ащы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дауыстары келеді.
Бірте-бірте қаттырақ естіле басталды.
Сөйтіп, жұмыскерлер талқандатып, күйретіп, жер қазуға
жұмылды*.
Бұл жердегі жұмысшылардың біразы орыс. Көпшілігі –
үш жүздейі қазақ жұмыскерлері.
Жұмыскерлердің түрлері, мінездері, қимылдары әртүрлі.
Ұзынша, арық, қыр мұрынды, қара, сары, қапсағай қара...
тағы да толып жатқан суретті адамдар.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
96