Page 57 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 57
special.edu.kz.
special.edu.kz.
БАЛЫҚТАР special.edu.kz.
Балықтардың сыртқы құрылысы
Судың беткі жағында тіршілік ететін балықтар
special.edu.kz.
special.edu.kz. неге күміс түсті болады? special.edu.kz.
Балықтың сыртқы құрылысы қандай?
Балықтар – суқоймаларда: теңіздер, мұхиттар, өзендер
мен көлдерде тұрғылықты мекендеушілер. Тұзды суда тір-
шілік ететін балықтар теңіз балықтары, ал тұщы суда тір-
шілік ететін балықтар тұщы су балықтары деп аталады.
Балықтардың дене құрылысындағы көптеген ерекшеліктер
олардың судағы тіршілігіне байланысты болады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Жабын мүшелері. Балықтың денесі сүйекті қабыршықпен
қапталған. Қабыршық балықты зақымдалудан қорғайды.
Әрбір қабыршық сүйекті жұқа тақташық тәрізді болады. Қа-
быршықтың жоғарғы жиегі балықтың терісіне бекітілген, ал
артқы жиегі келесі қабыршықтың алдыңғы жиегіне жапсар-
ласа орналасады. Қабыршықтардың бұлай орналасуы ба-
лықтың судағы қозғалысына кедергі келтірмейді. Қабыр-
шық балықтың суда еркін жүзуіне көмектесетін шырышты
қабықпен жабылған. Қабыршық үнемі өседі, сол себепті
қабыршықта балықтың жасын анықтауға болатын жылдық
сақиналар құралады (53-сур.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. 53-сурет 55 special.edu.kz.