Page 59 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 59
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Балықтың басында қандай мүшелер орналасқан? special.edu.kz.
Балықтың басында (55-сур.) жемін ұстауға және тыныс
алу үшін қажетті суды жұтуға арналған ауыз орналасқан.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ауыздан жоғары суда еріген заттардың иісін қабылдайтын
танау орналасқан.
special.edu.kz.
special.edu.kz. 55-сурет special.edu.kz.
Балықтың көзі үлкен, қабағы болмайды. Балық жақын
қашықтықтан көре ді.
Балықтың түсі сан алуан түрлі. Балықтың басым бөлігінің
денесінің төменгі жағы жоғарғы жағына қарағанда ақшыл
болады. Су өсімдіктердің арасында тіршілік ететін балық-
тардың, мысалы, шортанның арқасы қою жасыл, ал бүйір-
лерінде ашық жасыл түсті көлденең жолақтары болады. Су-
қоймалардың үстіңгі бетінде тіршілік ететін балықтардың,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мысалы, майшабақтардың денесі күміс түсті болады. Бұл
оларға жауларынан жасырынуға көмектеседі. Суқойма тү-
бінде тіршілік ететін балықтардың, мысалы, жайынның де-
несінің жоғарғы бөлігі төменгі бөлігіне қарағанда анағұрлым
қара түсті болады. Жайынның қабыршықтары болмайды.
Балықтың басында не орналасқан?
Балықтың түсі неге тәуелді болады?
Балықтың қандай жүзбеқанаттары болады?
special.edu.kz. special.edu.kz. 57 special.edu.kz.