Page 73 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 73
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жайын жемін қалай аулайды? special.edu.kz.
Жайын моллюскілермен, бақалармен және балықтармен
қоректенеді. Ол балықты тығылып тұрып, жанынан жүзіп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бара жатқан үйірдің ішіне кіріп ұстайды. Ол күшті де иілімді
құйрығымен балық үйірін сабалап жібереді. Ірі жайындар
икемсіз және жай қозғалады. Сондықтан олар балық көп
жерде аузын ашып қимылсыз жатады.
Балық үйірі жақындағанда, ол балықтарды сумен бірге
жұтады. Олар балықтарды алдап ұстау үшін құрттарға ұқ-
саған мұртшаларын пайдаланады.
Ірі жайындар көптеген су құстарын, кейде суда жүзіп
жүрген иттерді де жұтып қояды.
Жайынның тіршілік әрекеті қандай?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Жайын өз өмірін суқойма түбіндегі шұңқырда өткізеді.
Жайындар уылдырығын су түбіндегі жағаға жақын шөп
арасына шашады. Аналығы уылдырығын ұяға салады. Ата-
лығы құйрығымен басқа балықтарды қуып ұяны қорғайды.
Жас шабақтар бастапқыда ұядағы лаймен, өсімдік қалдық-
тарымен қоректенеді, алайда олар жылдам өсіп, ұяларын
тастап, өз қоректерін тауып жей бастайды. Ересек жайын-
дар қайтадан өз шұңқырларына оралады.
Жайын қыста қозғалмайды, қоректенбейді, шұңқырында
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қатты ұйқыға кетеді. Бұл балық шамамен 60-тан 100 жылға
дейін тіршілік етеді. Әдеттегі жайын – кәсіптік маңызы бар
балық.
Жайын Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде және
бұларға құятын өзендерде, Балқаш көлінде кездеседі.
Жайынның денесі немен жабылған? Оның қабыршағы бар ма?
Жайынның жемін қалай аулайтынын айтып бер.
Жайынның тіршілік әрекеті туралы айтып бер.
special.edu.kz. special.edu.kz. 71 special.edu.kz.