Page 68 - Жаратылыстану_8_кл_оқулық+
P. 68
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Тұщысу балықтары special.edu.kz.
Неге сазанның арқасы қара, ал құрсағы
ашық түсті?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сазан қандай балықтар түріне жатады?
Сазан – Қазақстандағы тұщысу суқоймаларында тіршілік
ететін, кәсіптік маңызы бар тұқы тұқымдас балық.
Олар Қазақстанның тау өзендері мен көлдерінен басқа
барлық суқоймаларда мекендеген. Бұл – жылусүйгіш балық.
Қандай балықтардың тұщысу балығы деп аталатынын
есіңе түсір (55-б.).
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сазанның тіршілік әрекеті қандай?
Сазан – тез өсетін күй талғамайтын балық (66-сур.). Оның
ұзындығы шамамен 1 метрге, салмағы 20 килограмға же-
теді.
Сазанның ұзын денесінің жо-
ғарғы бөлігінің түсі жоғарыдан
жыртқыш (құстар) байқап қал-
майтындай қара түсті де, тө-
менгі бөлігі жыртқыш балықтар
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
байқап қалмауы үшін ақ шыл
66-сурет
түсті болып келген.
Сазан шаяндармен, құрттармен, су өсімдіктерімен қорек-
тенеді. Сазанның өңешінде үш қатар тісі болады. Олар са-
занның асқазаны болмағандықтан, жемді ұсақтауға көмек-
теседі. Қыста ол суқойма түбіндегі шұңқырда ұзақ ұйқыға
кетеді. Сазанды жасанды жолмен оңай көбейтуге болады.
Сазанның еті балық майына бай.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
66