Page 112 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 112

special.edu.kz.





                      Есте сақта!          special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                   Мазмұндама мәтін бойынша жазылады. Мәтін сөз-
                дері түсінікті және қысқа болуы керек. Мазмұндама
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                жазылатын тақырып аты тақтаға жазылады. Мәтіндегі
                қиын сөздер тақтаға жазылып, түсініктеме беріледі.




                    6. Мазмұндама жазу талаптарын оқы.
                 Мазмұндама жазуға таңдалған мәтінді оқымас бұрын сол
             мәтінге байланысты ауызша әңгіме айтылады. Дайындық

             жұмысынан кейін балалар дайын мәтінді оқып шығады.
                 Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда бала-
             лар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің
             жазылуымен танысады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Мәтін  оқылып  болғаннан  кейін  жоспар  құруға  болады.
             Сыныпқа мәтін бойынша ауызша сұрақ қойылады.

                      Мәтіндегі мазмұндама талаптарын рет-ретімен айтып бер.


                        7. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша мазмұндама жаз.

                                                 Ақтөс
                 Ақтөс – кішкентай күшік. Ол кішкентай үйшікте тұрады.

             Оның басы  ақ, мұрны қара. Алдыңғы аяқтары  ақ, артқы
             аяқтары қара.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Ол ауладан сары және үлпілдек үш балапанды көрді.
             Ақтөс балапандармен ойнағысы келді. Ол балапандарды
             қуды, балапандар қашты. Олар шиқ-шиқ етеді. Сол кезде
             тауық оларды көрді. Ол Ақтөсті шоқып алды. Ақтөс арс ете
             қалды. Ақтөс өкпелеп қалды.

                 Жоспар
                 1) Ақтөс қандай күшік?
                 2) Аулада болған оқиға.
                 3) Ақтөс неге өкпеледі?


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          110
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117