Page 137 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 137

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                      6. Мәтінді тыңдап, рөлге бөліп оқыңдар.                                    special.edu.kz.


            – Балалар, сыныппен «Ша-
        рын» ұлттық саябағына бара-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        мыз.
            – Алақай! Ол менің арма-
        ным.
            – Шарын шатқалында кім
        болды?
            – Мен болдым. Ма ған қыз-
        ғылт жартастар ұнады. Олар

        бірде арыстанға, бірде қамалдарға, бірде мұнаралар тізбе-
        гіне ұқсайды.
            – Мен ол туралы ғаламтордан оқыдым. Шарын шатқалы –
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        экзотикалық  мекен. Құмдауытты  жардың  биіктігі  100-150
        метрден 300 метрге дейін жетеді екен. Қызғылт жартастар-
        ды екіге жарып Шарын өзені ағады.
            – Осындай ғажайып табиғат көрінісі басқа қай жерде бар?
            – Америка вестерндерінде көрсетеді ғой, Колорадо шта-
        тында ма?

            – Дұрыс. Шарын Солтүстік Америкадағы Колорадо шат-
        қалына ұқсайды. Ұлттық саябақ Алматыдан 200 шақырым
        жерде. Ол 2004 жылы ашылды. Содан бері бұл жерде ту-
        ризм өсіп-дамуда.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               Шарын шатқалы туралы қосымша ақпарат тап.


                 Есте сақта!

              2005 жылы шатқал аумағы мен шетен орманына қорық
           құрылды. Қазіргі кезде Қызыл кітапқа шатқал аумағын-
           дағы 17 өсімдік, 62 сүтқоректі жануар, 103 ұялайтын құс,
           62 бауырымен жорғалаушылар еніп, мемлекеттік қорғау-

           ға алынған.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             135       special.edu.kz.
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142