Page 141 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 141
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Денсаулық – зор байлық special.edu.kz.
1) Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2) Қазақ тілінде неше төл дыбыстар бар?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3) Қазақ тіліндегі буын түрлері қандай?
4) Ашық буыны бар сөздерге үш мысал келтір.
5) Тұйық буыны бар сөздерге үш мысал келтір.
6) Бітеу буыны бар сөздерге үш мысал келтір.
2. Төмендегі сөздердің түбірін тауып жаз. Мағынасын түсіндір.
Әкем, әкең, әкеңіз, әкесі –
Анам, анаң, анаңыз, анасы –
Келемін, келесің, келесіз, келеді –
Тамаққа, тамақты, тамақта, тамақтан –
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Дәрігер, дәріхана, дәрігерлер, дәріханалар –
3. «Дәрігер қабылдауында» диалогін рөлге бөліп оқыңдар.
Егер отбасыңдағы бір адам ауырып қалса не істейтініңді жаз.
– Кіруге бола ма?
– Кіріңіз. Отырыңыз. Қай жеріңіз ауырады?
– Қызуым көтеріліп тұр.
– Ауырғаныңызды қашан сездіңіз?
– Кешеден бері.
– Тамағыңызды көрсетіңіз. Жиі ауырасыз ба?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Соңғы кезде денсаулығым нашарлап жүр.
– Қан қысымыңызды өлшейік. Қалыпты мөлшерде. Еркін
демалыңыз. Мына жеріңізді басқан кезде ауыра ма?
– Жоқ, ауырмайды.
– Қауіпті ештеңе жоқ. Сізге кішкене салқын тиіп қалыпты.
Жылы киініп жүріңіз. Дәріні бір таблеткадан күніне үш рет
ішіңіз. Емделіңіз.
– Рақмет. Сау болыңыз.
special.edu.kz. special.edu.kz. 139 special.edu.kz.