Page 15 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 15

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                     Сөз тіркестері                                              special.edu.kz.

                 Есте сақта!

              Бірнеше сөздің бір-бірімен мағыналық байланысқа
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
           түскен тобын  сөз тіркесі дейміз.  Мысалы: екі мұғалім,
           жақсы оқы.



               1. Сөз тіркестерін оқып, мағынасын түсіндір.
            Жібек орамал, өзеннің жағасы, жуас ат, сөздің мағынасы,
        қалың  қарағай,  кең  сарай,  оқушының  құралы,  Дастанның
        әжесі, ауыр жүк.


               Алдымен екі сыңары да зат есімнен жасалған тіркестерді, содан
        кейін бірінші сыңары сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен жасалған
        тіркестерді теріп жаз.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               Өзің қалаған тіркестерді қатыстырып үш сөйлем құрап жаз. Сөй-
        лемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
            Үлгі: Диманың мәшинесі ауыр жүк тасиды.



                    2. Өлеңді мәнерлеп оқы.

            Қыс ызғарлы суықпен                      Балалар да қуанып,
            Ел есігін ашады.                         Қарсы алады танысын.
            Беттен сүйіп шымырлап,                   Көк мұздақта құлдилап,
            Боран тойын жасады.                      Шанаменен жарысып.


                                                                   (Ж. Сыздықов)
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               Өлеңнен сөз тіркестерін теріп жаз.
               Сөз тіркестерін үлгі бойынша талда.
            Үлгі: ел есігін (зат есім + зат есім); есігін ашады (зат есім +
        етістік)


                есепсіз байлық – несметные богатства
                ұлан-байтақ  дала  – необъятная  степь,  необъятный
                простор




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              13       special.edu.kz.
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20