Page 13 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 13

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                       Қос сөздер                                                special.edu.kz.


                 Есте сақта!

              Қос сөздер дегеніміз – екі сөздің қосарлануынан жа-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
           салатын сөздер. Қос сөздердің арасына дефис қойыла-
           ды. Мысалы: ата-ана.


               1. Өлеңді көшіріп жаз.



                              Қора-қора қой жатыр,
                              Қарын-қарын май жатыр.
                              Түйе-түйе жүн жатыр,
                              Ауыл-ауыл ел жатыр.

               Өлеңді оқы. Қос сөздерді тап. Олардың мағынасын түсіндір.

                                              (А. Байтұрсынов)
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               Қос сөздердің бір сыңарын алып тастап айтып көр. Қандай өз-
        герісті байқадың?

               2. Қос сөздерді оқып шығып көшіріп жаз.

            Биік-биік, ыдыс-аяқ, кіп-кішкене, көйлек-көншек, анда-
        санда, қарқ-қарқ, жап-жасыл.


               Қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудар. Мағынала-
        рын түсіндір.
               Өзің қалаған қос сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрап
        жаз.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                    3. Мәтінді түсініп оқы. Қос сөздерді тап. Оқы.

            Осынау  мөп-мөлдір  көлдің  Айнакөл  аталуы  жай  емес.
        Оның тап-таза тұнық суы айнадай  жалтырайды. Түбінде-
        гі алтындай сап-сары құмы мен мап-майда малта тастары
        ап-анық көрініп жатады. Айнала қоршаған найзадай тіп-тік

        қамыстар жел лебінен судыр-судыр етеді.

               Қос сөздерді теріп жаз. Олардың мағынасын, жасалуын түсіндір.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              11       special.edu.kz.
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18