Page 9 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 9
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сөз және оның мағынасы special.edu.kz.
Есте сақта!
Сөз – заттың, сапаның, қимылдың атауы. Сөз белгілі
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бір мағынада айтылады. Мысалы: алма, үш, жүр.
Кейбір сөздердің бірнеше мағынасы болады. Мысалы:
ат, жаз, түс.
Кейбір сөздер мәндес болады. Мысалы: тамақ, ас,
тағам.
1. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Олардың мағыналарын
анықта.
1. Баланың өжет мінезді екені байқалады. 2. Раушан күл-
кілі әңгіме айтты. 3. Ержан жазда ауылда көргендерін әң-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
гімеледі. 4. Сабақ біткен соң іле-шала үйге қайттық.
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздермен мәндес
сөздерді тап.
2. Жақшаның ішіндегі сөздерді теріп жаз. Мағынасын түсіндір.
1. Қоңырау шылдырлады (сылдырлады). 2. Оқушылар сы-
ныпқа кірді (енді). 3. Жел уілдеді (соқты). 4. Ағаштар теңселді
(тербелді). 5. Біз алыс (шалғай) ауылға бардық.
Сөйлемдерді түсініп оқы. Жақшадағы сөздерді олардың алдын-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дағы сөздердің орнына қойып айтуға бола ма?
3. Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тір-
кестіріп айтқанда мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндір.
Арам (шөп, тамақ, ойлы); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп,
дос); суық (сөз, су, хабар); сары (май, уайым, уыз, ауыз, ба-
уыр, су); қалың (киім, жұрт, бет, қамыс); қоңыр (сиыр, жіп,
дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю).
special.edu.kz. special.edu.kz. 7 special.edu.kz.