Page 164 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 164

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                      Ертегіні тыңда. Түсініп оқы.                                               special.edu.kz.

                                       Түлкі мен қырғауыл

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Бір түлкі қалың орманда келе жатады. Бір кезде ағаштың
             басында отырған қырғауылды көреді. Жақын келіп:
                 – Сәлеметсіз бе, қырғауылым! Халіңіз қалай? – дейді.

                 Қырғауыл:
                 – Жақсы, өз халіңіз қалай? – деп сұрайды.
                 – Жерге түсіп сөйлеңіз. Бір құлағым естімейді, – дейді түл-
             кі қулана.
                 – Жерге түсуге қорқамын. Жерде әртүрлі аңдар бар. Мені
             жеп қояды, – деп жауап берді қырғауыл. Түлкі:
                                                               – Әй, достым, биыл-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                                           ғы заман бұрынғы за-
                                                           ман емес, жаңа бұйрық
                                                           шығыпты. Қазір біреуге
                                                           біреу зорлық қылмайды.

                                                           Қой мен қасқыр, түлкі
                                                           мен тауық бірге жүруі ке-
                                                           рек, – деді түлкі.
                 – Жақсы, хабарыңызға рақмет, достым! Ана жақтан иттер
             келе жатыр. Оларға да хабарды айттыңыз ба? – деді қырға-
             уыл.
                 Түлкі «ит» деген сөзді естіп қаша жөнеледі. Қырғауыл:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Қайда барасың, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – деп ай-
             қайлайды.

                 – Кім біледі, олар бұйырықты әлі естімеген шығар, – депті
             түлкі.

                     1) Түлкі қайда келе жатты?
                     2) Ол нені көрді?
                 3) Түлкі қырғауылға не туралы айтты?
                 4) Бұйрық не туралы?
                 5) Түлкі неге қаша жөнелді?


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          162
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169