Page 159 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 159

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                Ертегіні тыңда. Түсініп оқы.                                                     special.edu.kz.
                                                 Айна

            Мүйізтұмсықтың кім көрінгенді мазақтайтын әдеті бар еді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Бүкір, бүкір! – деп Түйені мазақтайды.
            – Мен бүкірмін бе? – деп ыза болыпты Түйе. – Егер арқамда
        үш өркеш болса, мен бұдан да сұлу болар едім.
            – Ей, терісі қалың! – деп Пілге айқайлайды. – Сенің мұр-
        ның қайда, құйрығың қайда?

            – Мынаның менде не ақысы бар? – деп, ақ көңіл Піл таңға-
        лады. – Өз тұмсығыма өзім әбден ризамын, ол құйрыққа тіпті
        де ұқсамайды.
            – Ағатай, торғай ұстап берші! – деп Мүйізтұмсық енді
        Керікке күледі.
            – Өзің де жетісіп тұрған жоқсың! – деп, Керік жоғарыдан
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        жауап берді.
            Бір күні достары айна тауып алып, Мүйізтұмсықты іздеуге
        шығады. Ол Түйеқұсты мазақтап тұр екен:
            – Әй, жүні жұлынбаған! Әй, ұзын сирақ! Ұша алмайсың,
        ұялмай құспын дейсің бе?
            Қатты ренжігендіктен Түйеқұс басын қанатының астына

        тығып алыпты.
            – Дос, мені тыңда! – дейді Түйе оның жанына келіп. – Сен
        өзіңді сұлумын деп есептейсің бе?
            – Әрине! – деп жауап береді Мүйізтұмсық. – Оған кімнің
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        дауы бар!
            Піл:
            – Олай болса, өзіңді көрші, – дейді де, Мүйізтұмсыққа ай-
        наны береді.

            Мүйізтұмсық айнаға қарай салып қарқылдап ала жөне-
        леді:
            – Ха-ха-ха! Хо-хо-хо! Кім? Мұрнындағысы немене? Ха-ха-
        ха! Хо-хо-хо!




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             157       special.edu.kz.
   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164