Page 158 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 158

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                     Ертегіні тыңда. Түсініп оқы.                                                special.edu.kz.


                                        Күн, Қар және Жел
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Күн, Қар және Жел үшеуі келе жатты. Оларға бір адам
             кездеседі. Адам иіліп сәлем берді.
                 – Адам қайсымызға сәлем берді? – деп сұрады үшеуі
             бір-бірінен. Сонда Қар:
                 – Әрине, ол маған сәлем берді. Өйткені ол менен қорқа-
             ды. Мен ашулансам, алай-түлей боран болады.  Сонан соң
             ол адасады. Ашулансам, оның өзін де көміп тастаймын, –
             деді. Оған Жел қарқылдап күлді.
                 – Әй, Қар, сен әліңді білмейсің-ау! Мен тұрғанда, ол саған

             сәлем беруші ме еді? Сенен ол несіне қорқады? Сен өзің-
             нен-өзің борай аласың ба? Сені борататын мен емес пе? Мен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ашулансам – ұшырып әкетемін. Адам маған сәлем берді.
                 – Мүмкін сәлемді  маған берген шығар. Өзінен сұрайық, –
             деді Күн.
                 Үшеуі адамға келеді:
                 – Сіз кімге сәлем бердіңіз? – деді.
                 – Мен Күнге сәлем бердім. Өйткені ол қайырымды. Күн
             болмаса, жел де жоқ, бұлт та жоқ, жаңбыр да жоқ. Екеуіңнің
             Күнмен теңесем дегендерің ұят, – депті адам.


                     1) Нелер келе жатты? Олар кімге кездесті?
                     2) Адам не істеді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     3) Үшеуі неге таласты? Адам Күнге неге сәлем берді?
                 Ертегіні рөлге бөліп оқыңдар.



                     адам кез болды – встретился человек
                     сәлемді маған берген шығар – со мной поздоровался

                     Күнге сәлем бердім – я поздоровался с солнцем
                     Күнмен теңесем дегендерің ұят – стыдно, что хотели
                     сравниться с солнцем



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          156
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163