Page 92 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 92

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                         3. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қой.             special.edu.kz.

                 Киіз үй тегіс жерге тігіледі. Ол үшін алдымен керегерлер
             шеңберлене керіліп, бір-біріне таңғышпен біріктіріліп байла-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             нады. Содан кейін есік орнатылады. Керілген керегені ай-
             нала басқұр тартылады. Бұдан соң үйдің тура ортасында

             тұрған қолында бақаны бар қарулы жігіт шаңырақты жоға-
             ры көтереді.
                 Көтерілген шаңыраққа айнала уық шаншылып, оның
             екінші басы керегеге байланады. Оған киіз жабылып, үстін
             арқанмен бастыра тартып байлағанда ғана киіз үй тігіліп
             болды деп есептеледі.
                 Содан кейін киіз үйдің ішін жабдықтауға кіріседі. Киіз үй-
             дің жиһаздары, заттары  қолдануға ыңғайлы, ықшам болып
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             келеді.
                                                            («Ол кім? Ол не?» кітабынан.)

                    Мәтіннен өзің бұрын естімеген жаңа сөздерді тап. Тапқан сөз-
             дердің мағынасын сөздіктен ізде. Түсіндір.
                    Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер
             нені білдіреді? Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты?


                    4. Өлеңді көшіріп жаз.

                 Менің атам жайлауға                      Қарап шықтым біртіндеп –
                 Малын айдап шығыпты.                     Бар жиһазы жарасқан.
                 Көк шалғынды қойнауға
                                                          Туырлығын түргенде,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                     (Қ. Баянбай)      special.edu.kz.
                 Киіз үйін тігіпті.
                                                          Көрінеді көк аспан.



                     1) Өлеңде не туралы айтылған?
                     2) «Шаңырақ» деген не?
                 3) «Кереге» деген не?
                 4) Киіз үйдің қандай жабдықтарын білесің? Ата.

                    Әртүрлі дереккөздерден киіз үй туралы ақпарат жина.




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          90
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97