Page 100 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 100
2. Мәтінді түсініп оқып, еліміздің астана-
сының даму кезеңдерін «Хронологиялық
кесте» әдісімен сипаттаңдар.
Қазақстанның заманға лайық жаңа ас-
танасын салу идеясы Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауысты-
ру туралы шешімді Қазақстан Республика-
сы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде
қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997
жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Пре-
зиденттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жар-
лығымен Ақмоланың атауы Астана болып
өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық
тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен
«әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның
бас қаласы – 2000 жылдан бастап астана-
лар мен ірі қалалардың Халықаралық Ас-
самблеясының мүшесі.
Еуразия құрлығының ортасында қолай-
лы орналасуы елордамызды экономика-
лық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және
99