Page 103 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 103
жабық стадионы; 2011 жылы әлемде үздік
деп танылған, 10 мың орынға арналған
«Сарыарқа» бірегей велотрегі бар. Тағы
бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары
халықаралық стандарттарға сай келетін
«Алау» мұз айдыны.
Қазақстанның елордасы елдің барлық
өңірлеріндегі талапкерлер үшін тартым-
ды орталыққа айналды. Мұнда отандық
білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев
Университеті, Л. Гумилев атындағы Еура-
зиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық
өнер университеті, Қазақ агротехникалық
университеті, Астана медициналық универ-
ситеті орналасқан.
Бүгінде астанамыз халықаралық ма-
ңызы бар іс-шаралар өтетін Еуразия ке-
ңістігінің орталығына айналды. Елордада
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы-
ларының съездері, форумдар, конгрес-
тер мен маңызды халықаралық жиындар
тұрақты түрде өтіп келеді. 2011 жылдың
басында республиканың елордасы VII
102