Page 121 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 121
ғыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдай
жасалды. Оған дәлел ретінде қалалардың
инфрақұрылымының жақсарып, әлеуметтік
қызмет көрсету саласының жетілгенін кел-
тіруге болады. Жалпы, тарихи сараптамаға
сенсек, ЭКСПО көрмесі дүниежүзіндегі
туристік тартылымы жоғары іс-шаралар-
дың біріне кіреді екен. Туристердің көңілі-
нен шығу үшін астанамызда бірнеше жыл
ішінде модерн стиліндегі ғимараттар мен
павильондар бой түзеді.
Индустриализацияның негізгі символы
болып табылатын халықаралық көрменің
елімізге берері зор. Табиғи кеніштердің
сарқылып, экологияның ластануы дабыл
қағатын деңгейге жеткен сәтте тек адам-
дар ғана бұл процесті тоқтата алады.
Мұндай ғаламат бастамалар келешекте
табиғатқа зиян келтірмейтін қуат көздерін
тұтынуға жол ашады және экологиялық
мәселелердің шешімін тауып, қоршаған
орта қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бас-
тамасы болады.
120