Page 116 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 116
«Ең үздік сәулет өнері жобасы» бай-
қауында Хрусталь сарай салуды ұсынған
Джозеф Пакстонның жобасы жеңіске
жеткен. Пакстон кәсіби архитектор емес,
жылыжайда гүл өсіретін бағбан болған. Са-
рай бір мезгілде 14 000 адамды қабылдай
алатын еді.
Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде
өндірілген заттардың барлығын көруге
болатын. Құрал-жабдықтар бөлімі ең үл-
кен әсер қалдырған: бу қозғалтқышта-
ры, стерео-фотосуреттер, америкалық
Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған
резеңке, қойытылған сүт, консервіленген
азық-түлік, мүгедектерге арналған про-
тездер, шыны көздер, стоматологиялық
креслолар, «веналық» деп аталатын орын-
дықтар және басқа да заттар. Көрмеден
түскен пайда қомақты болған: шамамен,
186 000 фунт стерлинг. Осы ақша бірнеше
музейдің құрылысына, солардың ішінде
әйгілі Виктория мен Альберттің музейінің
бой көтеруіне жұмсалған.
115