Page 114 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 114

бастап берді. Кешен құрамында 4 мың


        пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл

        және университеттен орталыққа дейін ұла-

        сатын жабық қала салынды. Көрме айма-

        ғында ұлттық, тақырыптық павильондар,

        ойын-сауық және қызмет көрсету нысан-

        дары орналасты. Көрме кешенінің жалпы

        ауданы – 174 гектар.


            ЭКСПО көрмесі кезінде Қазақстанның

        астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген

        түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына

        айналды. Көрменің аумағында күн сайын

        концерттер және өзге де ойын-сауық іс-

        шаралары өтті.

            Көрме өткеннен кейін «ЭКСПО-2017»

        базасында ерекше мәртебеге ие «Астана»

        қаржы орталығы құрылды.


            Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықа-

        ралық көрмелер бюросына мүше ел болып

        саналады және ЭКСПО көрмелеріне 2005

        жылдан бастап қатысып келеді.


                            (ҚР Президентінің ресми сайтынан)






                                                                                  113
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119