Page 111 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 111
жазыңдар. Құрмаластың қай түрі екенін ажы-
ратыңдар.
Мәтіндегі сөйлем
Жар болып Жаббар Ие жалғыз ғана,
Ғасырға аяқ бастық ал біз жаңа.
Сұрланып сырт айналған суық көздер
Қарайды әлі саған сәл қызғана.
Құрмалас сөйлем
Еліміз жаңа ғасырға қадам басты, осы сәтте
сырт көздің бізге қызғанышпен қарайты-
ны – шындық. (салалас құрмалас сөйлем)
7. Екі тапсырманың бірін орындаңдар.
1. Қазақстанның астаналары туралы
ізденіп, құрмалас сөйлемдерді қатысты-
рып, салыстырмалы эссе жазыңдар.
2. «Төрт сөйлем» әдісімен Нұр-Сұлтан
қаласы туралы білетін ақпараттарыңды
қорытындылаңдар.
1. Пікір.
2. Дәлел.
3. Мысал.
4. Қорытынды.
110