Page 157 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 157

Бала құқығы туралы Конвенция


                 Конвенция – 0-ден 18 жасқа дейінгі бар-

             лық балаға қатысты халықаралық заң. Бұл

             құжат 1989 жылы 20 қарашада қабылдан-

             ды. Біздің елімізде 1994 жылы 11 қарашада

             заңдық күшіне енді.

                 1-бап. 18 жасқа дейінгі балалар Конвен-

             цияда ұсынылған барлық құқықты қолдана
             алады.

                 2-бап. Баланың, оның ата-анасының не-

             месе қамқоршысының нәсіліне, түр-түсіне,

             жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге

             де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық

             немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік

             жағдайына, денсаулығына немесе өзге де

             жағдайларына қарамастан, әрбір баланың

             осы Конвенциямен көзделген құқықтары
             құрметтеледі және қамтамасыз етіледі.

                 3-бап. Балаларды әлеуметтік қамсыз-

             дандыру мәселелерімен айналысатын мем-

             лекеттік немесе жеке мекемелер, соттар,

             әкімшілік немесе заң шығарушы органдар

             балаларға қатысты қолданылатын іс-әре-

             кеттерінің бәрінде бірінші кезекте баланың
             мүддесін қамтамасыз етуге көңіл бөледі.



             156
   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162