Page 153 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 153
тұрып та байланысады. Мысалы: Бұл
шаруа келінге тапсырылды: ол жер
жағдайын жақсы біледі. Көлік жүре ал-
майтын тар жол екен, біз амалсыздан
ауылға жаяу тарттық.
Қазақ хандығындағы әйелдер
құқығы қандай болған?
Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұ-
рауы тиіс, сұрамаған жағдайда арсыздығы
үшін айып салынған. Сондай-ақ ер азамат-
қа жақын туысымен, өз руының қызымен
некелесуіне қатаң тыйым салынған. Ол
үшін өлім жазасына кесіліп отырған немесе
сол рудың талқысына берілген.
«Жеті Жарғы» заңында күйеуі әйелімен
еш себепсіз ажырасатын болса, онда бала-
лар шешесінің қамқорлығына берілетіндігі
айтылған. Жесір қалған әйел қайтыс болған
күйеуінің ағасына не інісіне әмеңгерлік жол-
мен әйелдікке берілген. Марқұмның балала-
ры мен мал-мүлкі де бауырының жауапкер-
152