Page 151 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 151

көздерің үйрене берсін», – деді де, басқа

             сөз айтпады.

                 Мәжілісті аяқтап келгенде, Тұрлыбек пен

             Леознердің сүйемелдеуі арқылы Ұлпанның

             екі ұсынысы амалсыз қабылданды.

                 1. Жесір қалған әйел кімге тиемін десе

             де, өз еркінде болсын.

                 2. Жесір әйел ерінен қалған мал-мүліктің

             үштен екісіне өзі ие, үштен бірі ерінің аға-

             йын-туғандарына берілсін.

                 Бұдан көп жыл кейін өткен болыс-билер-

             дің облыстық төтенше съезінде де бұл екі

             ұсыныс өзгертілмей алынды.

                       (Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан)







                              Себеп-салдар салалас

                    Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі

                екіншісінде айтылған ойдың болу себе-

                бін білдіретін салаластың түрі – себеп-

                салдар салалас құрмалас.

                    Жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді,

                екіншісі салдар мәнді болып, орындары
                ауысып та келе береді.





             150
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156