Page 148 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 148
Еркек баласыз қалған жесір әйелге енші
берсе, ол – ағайынның қайырымдылығы.
Дұрысына келгенде, ондай әйелге әмең-
герлік қана пана бола алады...
Еркектер жағы түгел осы ыңғайда болған
соң, жиналыстың шын бастығы Леознер
Ұлпанға қарады:
– Сіз не айтар едіңіз, Акнар Артыкбаев-
на?
Есенеймен азды-көпті кеңесіп келген
Ұлпан іркілген жоқ.
– Мен мұндай жиында сөйлеп көрген
емеспін... Не айтсам да, қалай айтсам да
ұзын-ырғасы Есенейдің сөзі. Қазақ біреу-
дің жүйрік атына қызықса да, құда бола
салады. Болыс-би сайлауларының тұсында
ондаған байлар құда болысып қалады. Әлі
тумаған балаларды атастырып, аманат-
құда болатындары да бар. Әйел тағдыры
осыдан басталмай ма?
Есенейдің бірінші тапсырғаны – балалар
ержетіп, бірін-бірі көріп, ұнатса ғана құда-
лық басталатын болсын. Қазақ қызы бетін
жасырмайды. Көшпелі елдер жылда ара-
147