Page 150 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 150
айқайға Қарқабаттап» демей ме? Сол Қар-
қабат – әйел! Айбике, Нұрбике, Сүйімбике,
Қызбике, Бике, Күңгөне деп әйел атымен
аталатын ондаған елдер бар. Бәрі де ең
кемі бір руды бастаған әйел аты. Осы бес
болыс Керейдің талай руы осы әйелдердің
аттарымен аталмай ма? Қуандық, Сүйіндік,
Қаржас деген үш баласына енші бөліп бе-
ретін шешесі емес пе?!
Қадірлі болыс-билер, көре-тұра обал-
озбырлыққа бармаңыздар. Жесір қалған
әйел үй иесі болып қала берсін. Әйел үй
иесі болып саналмайды деп қорқытып,
әмеңгеріне қоса салу пышақкесті тоқтала-
тын болсын! Біздің үйдің ойы – осы. Біздің
үй облыстық төтенше съезге шақырыла
қалса, осы ойымен барады, – деді Ұлпан...
Мәжіліс тағы екі күнге созылып барып
әрең аяқталды. Билер Есенейдің көңілін сұ-
раған болып, Ұлпан ойларын жұқартқыла-
ры келіп еді, Есенейдің мойны бұрылмады.
«Мен Ұлпанға шылбыр-тізгінімді біржола
беріп қойған адаммын. Мен түгіл, бүкіл Си-
банның сөзін ұстайтын – сол кісі. Осыған
149