Page 147 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 147
§ 4. Әйел құқығы
1. ХІХ ғасырдағы қазақ әйелінің басында
қандай бостандықтар болды? ХХ-ХХІ
ғасырлардағы әйел құқығымен салыс-
тырыңдар.
2. «Түртіп оқу» әдісімен мәтінді оқып,
негізгі ойды анықтаңдар. Мәтінде көте-
рілген мәселеге оқырманның қарым-қа-
тынасын анықтауға арналған талқылау сұрақ-
тарын құрастырыңдар.
ХІХ ғасырдағы
қазақ әйелінің тағдыры
Жесір әйелдің ерінен қалған мал-мүлікке
еншілестік жайы тіпті сөз етуді көтермейді
екен... Қазақ рулары еркек нәсілін қуалай
құрылады. Бір үйдің еркек кіндіктісі өліп
таусылса, ол үй сонымен өзі де жоғалады.
Ол үйде он қыз қалса да, есепке алынбай-
ды. Сондай апатқа ұшырай қалса, ауыл да
солай, рудың өзі солай жоғалады, бітеді.
Әйел үй иесіне саналмайды. Бесікте жат-
қан ұлы болса, әне, мал-мүліктің иесі – сол.
146