Page 142 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 142
– Байыған сайын араның ашылып, жұт-
пақсың ба зарлыны?! Қақаларсың әлі-
ақ!.. – деп салды.
Мейірханның сөзі Жұмағұлға қонған
жоқ. Ол «заң бойынша» іс қылатын бол-
ды. Мейірхан сүлдері құрып, жолдасынан
түршігіп, түңіліп қала берді. Бұл әңгіменің
артынан Жұмағұл, Ақтайлар сол күні-ақ
«Мейірхан қызғаншақтық қылып жүр» деп,
сөзге таңа бастады.
Кемпір Жұмағұлдың ниетін естіген соң,
бір-екі күннің ішінде күйікті ойдың салма-
ғынан езіліп, бөлекше ауруға ұрынды. Есі
ауып қалып, шатасып сандырақтайтын
әдет пайда болды.
Сол күні кешке кемпірдің «дүниені бер-
меймін» деген сөзін естіген Жұмағұл қо-
лындағы бұйрық қағазды милицияға алып
барып, содан үш солдат алып, Мақсұт-
тың үйіндегі нәрселерді алуға кемпірді-
кіне келді.
Кемпірдің шатынап, бұзылып отырған
көзі мылтық ұстап келіп тұрған солдат-
141