Page 139 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 139

тауып алып, соған арыз кіргізді. Кеңсе қыз-


             меткерін жаңылдырып, тез иландыру үшін

             Жұмағұл бір жайды көптіріп, екінші жайды

             шөмейте сөйлеп, есебін тауып жүр. Ақыры

             бұл кеңсе Қадишаның арызын қарастырып,

             аяғында Мақсұттан қалған дүние-мүліктің

             бәрі «жас баласы – Жәмилаға ауысады,

             содан басқа ие жоқ, ол ержеткенше «опе-


             кун» Жұмағұл болады» деп бұйрық берді...

                 Кемпір бұл сөзді естігенде, басына Мақ-

             сұттың өлімімен тең қабат қаза келгендей

             болып, аузы күбірлеп жалбарынып, жаға-

             сын ұстады. Баласы өлгеннен бері қарай

             бір күн болмаса, бір күн көремін-ау деген

             зорлық, жетімдік жаңа ғана көз алдына

             бетпе-бет келгендей болды... Кемпір бар

             қуатын жиып алып:


                 – Мен баламнан, арғы ата-бабамнан қал-

             ған мүлікті туған емес, туысқан емес, дұс-

             пан болып отырған Жұмағұлға неге бере-

             мін? Менің балам жоқ болса да, ағайыным

             бар, Жұмағұл сияқты жатқа кеткенше, со-

             ларға кетсін! Ырзалығыммен бір сабақ жіп




             138
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144