Page 141 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 141
көңіліне болымсыз сүйеу алғандай болып,
үйіне қайтты.
Ертеңіне Мейірхан Жұмағұлға жолығып:
– Шіркін, адамшылық қарызы деген бар
емес пе? «Оқыған» деген атың қайда?!
Пысық жігіт болдың, тегін қатын алдың,
үйінен әкелген мүлкін алдың. Өзің де кедей
емессің, қатыныңның төркіні – қаланың
үлкен байы. Кішкентай қыздың шығынын
көтере алмайын дедің бе? Неменесіне
өлгелі отырған кемпірді жылатып, кешегі
жолдасың – Мақсұттың аруағын күңірент-
тің? – деді.
Жұмағұл бұл сөздің бәрін Мейірханның
іштарлықпен, қызғаншақтықпен айтып тұр-
ған сөзі деп санап:
– Бұл жұмысты істеп жүрген – мен емес,
Қадиша. Мен оны тоқтата алмаймын. Және
мұндай болымсыз жұмыс үшін арам дейтін
болсаң – айтып қой, сені біз сынайтын да
кезек келер! – деп қыр көрсетті.
«Оқыған азамат», «жаңа адам» дегені тек
оқыған бай, арсыз дүниеқоңыз екенін жаңа
ұққан Мейірхан қатты ширығып:
140