Page 140 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 140

бермеймін. Қурап қалған сорлы кемпірге


        зорлық қылмақ болыпсыңдар ғой, көптік-

        теріңді істей беріңдер! – деп, Дүйсенді үйіне

        қайырды. Бірақ Қадишаның ұлықтан әкеп

        отырған бұйрығын естіген соң және өзінің

        көмексіз жалғыздығын ойлаған сайын, кем-

        пір есінен адаса бастады. Көріне зорлық-

        қиянатты сезіп тұрса да, не амал қыларын


        білмеді. Аяғында Құдайға жылап-жалбары-

        нып, «аһ» ұрып отырғанда, есіне баласының

        бұрынғы жолдасы Мейірхан түсті. Сол күні

        қасына ақсақ бауырын ертіп алып, кемпір

        Мейірханға келді, жылады. Бәрін айтты.

        Қадишаның қалған есесі жоқ, Жұмағұлға

        тиерде төркінінен әкелген барлық мүлкін

        алып кеткенін де түгел айтты. Баласының

        достығы үшін жалбарынып, Мейірханнан


        ақ ісіне көмек сұрады. «Зорлықтан қорға!»

        деп тілек қылды. Мейірхан дағдылы көңіл-

        шектігі ұстап, кемпірдің сөзіне ергендей

        болды. Зорлыққа ара түсуге уәде қылып,

        ертең Жұмағұлмен де, басқалармен де

        сөйлеспекші болды. Кемпір жетімсіреген




                                                                                  139
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145