Page 135 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 135
2. Адам құқықтары мен бостандықтары
әркімге тумысынан жазылған, олар абсо-
лютті деп танылады, олардан ешкім айыра
алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-
құқықтық актілердің мазмұны мен қолда-
нылуы осыған қарай анықталады.
(«Саяси түсіндірме сөздіктен»)
Ыңғайлас салалас
Құрамындағы жай сөйлемдер білді-
ретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ың-
ғайлас мәндегі қарым-қатынаста айты-
латын салаластың түрі ыңғайлас сала-
лас құрмалас сөйлем деп аталады.
Ыңғайлас салалас сөйлемнің құра-
мындағы жай сөйлемдер бір-бірімен
жалғаулықты да, жалғаулықсыз да бай-
ланыса береді. Мысалы: Қазір қара бие
де қартайды, Қайыптың өзі де ел ағасы
болды. Ол төмен түсіп еді, жол екіге
бөлінді.
134