Page 133 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 133
ның қандай да бір игіліктерді иеленуін
қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет
жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен
бұқара арақатынасының негізгі принцип-
тері АҚБ-ға жатады.
Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежел-
ден баса назар аударылған. Мысалы, Арис-
тотель адам құқықтарын «табиғи» және
«шартты» деп екіге бөледі. Ол адамның
табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан
шартты құқықтардан жоғары қояды.
Орта ғасырда өмір сүрген либерализм
өкілдері – Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Мон-
тескье, Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон,
Т. Пейн және т.б. ойшылдар адам құқықта-
ры мен бостандығына баса назар аударды.
Қағидалардың ең маңыздылары ретінде
олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сү-
руге, жекеменшік иеленуге тең құқықта-
рының болуын, халық биліктің негізгі иесі
екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің
халық мүддесіне қызмет етуі керектігін
атап көрсетті.
132