Page 137 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 137
• Францияда үй жануарларына «Напо-
леон» деген есім беруге тыйым салынған.
• Үндістанда пілдің көлеңкесінде ұйық-
тауға болмайды.
• Аустралияда адамдардың қауіпсіздігі
үшін өлген китке 100 метрге дейін жақын-
дауға рұқсат етілмейді. Себебі оның ма-
ңында акулалар жүруі мүмкін.
4. Оқылым мәтінін немесе «Артық болмас
білгенің» айдарымен берілген қызықты мәлімет-
терді пайдаланып, бірнеше ыңғайлас салалас
құрмалас сөйлем құрастырып жазыңдар.
Мәтіндегі сөйлем Ыңғайлас салалас
5. Дүниежүзі елдерінің бәрінде адам құқық-
тары сақтала ма? «Иә» немесе «жоқ» деген екі
пікірдің бірін жақтап, ойталқы өткізіңдер.
6. Ойталқыдағы пікірлеріңді қорытындылап,
5 құрмалас сөйлем құрастырыңдар.
7. «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақы-
рыбында шолу түрінде шағын мақала
жазыңдар.
136