Page 208 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 208
XXI ғасырдың ортасында халық саны
15%-ға қысқаратын елдердің қатарында
Украина, Ресей, Беларусь, Болгария, Куба,
Румыния бар.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем –
синтаксистік бөліктерінде баяндалатын
іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп
іске асатындығын білдіретін кұрмалас
сөйлем.
Кезектес салалас сөйлем тек жалғау-
лықтар арқылы байланысады. Кезектес
салалас сөйлемді жасауға қатысатын
жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде.
Мысалы: Қазан аспаның астында
от кейде жылтылдайды, кейде қызыл
жалын лапылдайды (М. Әуезов). Біресе
Хамит Күдірені алып ұрады, біресе
Күдіре Хамитті алып ұрады (С. Сейфул-
лин). Кейде мен шабыттана өлең оқи-
мын, кейде олар асқақтата ән айтады
(О. Бодықов).
207