Page 212 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 212
§ 6. Әлемдегі демографиялық
өзгерістер
1. Мәтінді оқыңдар, ондағы мәліметтер-
ді сызба не диаграмма түрінде бейнелеп,
түпнұсқамен салыстырыңдар
БҰҰ экономикалық және әлеуметтік
мәселелер жөніндегі департамент хатшы-
лығының халықтарды зерттеу бөлімінің
болжамы бойынша, ағымдағы сәтте (2017
ортасында) әлемдегі халық саны 7 мил-
лиард 550 миллион адамды құраған және
соңғы 12 жылда 1 миллиард адамға арт-
қан. Әлем халқының 60%-дан астам бөлігі
Азияда (4,5 миллиард), 17%-ы Африкада
(1,3 миллиард), 10%-ы Еуропада (742 мил-
лион), 9%-ы Оңтүстік Америкада (646 мил-
лион) және 6%-ы Солтүстік Америкада (361
миллион), сондай-ақ Мұхит аралдарында
(41 миллион) өмір сүруде. Әлемдегі халық
саны үлесі жөнінен Қытай (1,4 миллиард)
мен Үндістан (1,3 миллиард) – 19% және
18%-ды иеленетін ең ірі екі мемлекет.
211