Page 221 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 221
3. Аудиожазбадан (11. mр3) қоғам қай-
раткері Зейнеп Ахметованың отбасы
тәрбиесі туралы айтқан пікірін тыңдап,
мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтаң-
дар.
4. Тыңдалым мәтінінде құрмаластың қай түрі
(салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас
құрмалас) жиірек кездескеніне назар аударып,
ойларыңды мысалдармен дәлелдеңдер.
5. Жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөй-
лемдер құрастырыңдар.
Жер шары халқы жылдам өсуде. Әр
секунд сайын екі-үш бала дүниеге келеді.
Дамушы елдерде халық саны күрт өсті.
Дамыған елдерде табиғи өсім төмен. Та-
биғи өсім жоғары елдерде жұмыссыздық
орын алады. Дамушы елдер халық санының
өсуін тежеуге бағытталған саясат ұстанып
отыр. Еуропа елдерінде демографиялық
дағдарыс байқалады. Осыған байланысты
«ұлттың қартаюы» орын алған. Дүниежү-
зінде халықтың өмір сүру жасының ұзақты-
ғы жылдан жылға өсуде. Дамыған елдерде
орташа жас ұзақтығы – 74 жас.
220