Page 223 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 223
жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден
естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе,
жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жа-
райды, сонда адам десе болады.
(Абай)
Адамның адамшылығы ақыл, ғылым,
жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақ-
сы ұстаздан болады.
(Абай)
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша
тәрбиелесең – құл болмақшы.
(А. Байтұрсынұлы)
Ата-ана баланы тәрбиелегенде дәл өзін-
дей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар
баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс.
Өйткені олардың заманы ата-анасының
өмір сүріп отырған заманына қарағанда
анағұрлым күрделі, талабы жоғары бола-
тынын ұмытпаған жөн.
(М. Жұмабаев)
Отбасында адам бойындағы асыл қа-
сиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
222