Page 248 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 248
Глоссарий
Жаһандану немесе глобализация (ағылш.
global – «әлемдік», «дүниежүзілік») – жалпы-
әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және
ақпараттық тұтастықтың құрылу үрдісі.
Реплика – диалог үстінде қарсылық білдіру
мәнінде айтылатын қысқаша жауап.
Инфографика – ақпаратты, білімді графика-
лық тәсілдер арқылы ұсыну. Мәтін мен графи-
каның (диаграмма, блок-сызба, кесте, карта)
үйлестіріліп берілуі.
БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) – екінші дү-
ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай
және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік
танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Бас
кеңсесі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орна-
ласқан.
ЮНЕСКО (ағылш. United Nations Educational
and Cultural Organization) – БҰҰ-ның білім, ғылым
мен мәдениетті дамыту істері бойынша маман-
дандырылған ұйым. 1945 жылы 16 қарашада
құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қа-
ласында орналасқан.
ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ын-
тымақтастық Ұйымы, ағылш. Organization for
247