Page 249 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 249

Security and Co-operation in Europe) – саяси диа-

             лог құруға арналған халықаралық ұйым. Негізгі

             мақсаты – жетілдірілген басқару мен демокра-
             тиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық

             пен қауіпсіздікті сақтау.

                 ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) –
             1996  жылы  «Шанхай  бестігі»  деген  атаумен

             құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар

             болып Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей
             және Тәжікстан кірген. 2001 жылы Өзбекстан

             ұйымға кіргеннен бастап Шанхай Ынтымақтас-
             тық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін

             үкіметаралық ұйым.

                 Конституция, Ата Заң (лат. constitutio  –
             «құрылым») – мемлекеттің негізгі заңы, мемле-

             кеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптас-
             тырушы құжат.

                 Императив – талап, бұйрық, заң. Жеке тұл-

             ғаның ұстанған ережелеріне қарсы жалпыға
             бірдей ережелер.

                 Конвенция (лат. conventio – «келісім») – кез

             келген саладағы адамдардың мінез-құлқының
             және іс-әрекетінің, сондай-ақ жаһандық мә-

             селелерді шешу барысында келісім бойынша

             қабылданған ережелер мен қағидалар.
                 Опекун – кәмелет жасына жетпеген балаға

             бекітілген қамқоршы.




             248
   244   245   246   247   248   249   250   251   252   253   254