Page 28 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 28
• аумақтық;
• ақпараттық-коммуникациялық.
Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз
экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси,
мәдени байланыстағы біртұтас адамзат
қауымдастығының қалыптасуы. Ол – біздің
көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп
жатқан процесс. Еліміз басқа елдермен
экономикалық, сауда-саттық қарым-қа-
тынасқа түсіп дамып келеді. Алысқа бар-
май-ақ, өзімізге қарайықшы. Киген киіміміз
Еуропа, Қытай, Түркия елдерінде тігілген.
Германия, Америка, Оңтүстік Корея ел-
дерінен шыққан көліктерді мініп жүрміз.
Күнделікті қолданатын тұрмыстық техни-
ка да бізге шет елден келіп жатыр. Тіпті
ыдыс-аяқты да көрші Қытай елінен ала-
мыз. Ал ішетін шайымызды Үндістан өнді-
руде. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре
беруге болады. Біз де өз кезегімізде басқа
елдерге мұнай мен газды, жүн мен мақта-
ны, қара және түсті металл мен таскөмірді
т.с.с. жіберіп жатырмыз.
27